424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың тәуліктік өсімі төмендеді – бас санитарлық дәрігер

  • 504
  • UPD: 16:09, 14.08.2020

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде Қазақстанда коронавирустың тәуліктік өсімі 0,5% дейін төмендегенін айтты.

«Қазіргі кезде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалуда. Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бері сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5% дейін төмендеді. Тіркелген CОVID-19 жағдайларының жалпы санының 77% астамы емделіп, күнделікті өмірге оралды (78 633 адам)», - деді.

Сондай-ақ инфекцияның репродуктивті көрсеткіші 2,2 есе, яғни 1,72-ден 0,78-ге дейін төмендеді. Ауруханалардағы төсек-орындармен қамтамасыз ету 64% азайған.

14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның ПТР-оң нәтижесімен 101 мың 848 жағдайы тіркелді, бір тәулікте 476 жаңа жағдай. Коронавирустық инфекцияның ПТР-теріс нәтижесімен 16 666 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте 934 жағдай.

Карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету туралы брифингтің толық нұсқасы

Хабар 24 телеарнасы