423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада құстарға ұя жасаудан байқау басталды

  • 226
  • UPD: 12:01, 14.08.2020
Елордада құстарға ұя жасаудан байқау басталды

Елордада құстар ұясын жасаудан байқау өтіп жатыр. Шара қыркүйекке дейін жалғасады. Шеберлер өз жұмыстарын әлеуметтік желіде жариялай алады. Кейін жеңімпаздар анықталып, үшеуіне ақшалай сыйақы берілмек. 

Бұл құс ұясын жасауға көп уақыт кетпеген. Жарты сағатта дайын болған дүние. Бұған мұрындық болған мына жастар. 

Асхат Қайратов, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ қызметкері:

- Біз ұяның стандартты көлемін сақтадық. Биіктігі 30 см, ені 24 см. Орташа кез келген құс ішіне кіре алады. 

Тамыздың басында елордада «құстар ұясының фестивалі» атты байқау басталған. Бір ай бойы өтеді. Мақсат қоғамды қанатталырға қамқор болуға шақыру. Оған қатысу үшін қайтпек керек? Былай қыласыз. Алдымен құс ұясын жақсылап жасап аласыз. Соны инстаграммға саласыз. Жеңімпаз болсаңыз ақша да аласыз. 

Динара Сәдуақасова «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымы:  

- Осы фестивальді онлайн түрде жарияладық. Бірақ карантин біткен соң ең үздік жұмыстар біздің осы қаламыздың паркінің бірінде ілінетін болады. Қазіргі таңда 30-дан астам жұмыс түсті. Жалпы бұл фестиваль республика көлемінде өткізіліп жатыр. Сондықтан кез келген азамат өз үлесін қоса алады.

Құстар ұясын жасау қанаттылардың көптеп келуіне, қалада шоғырлануына сеп екен. Мұны биоалуандылықты сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері Руслан Оразалиев айтады. 

Руслан Оразалиев, биоалуандылықты сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері:

- Дала құстарын тамақтандырып қажет емес. Қаланың тынысына өздері үйреніп кетеді. Тек қыс мезгілінде тамақ беріп тұруға болады. 

Маманның айтуынша, ең бастысы, құстарды мазалай беруге болмайды, безіп кетуі мүмкін, ұясын істеп, сырттай ғана бақылаған жөн. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Марк Брюшко, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы