422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жас ұлан» әскери мектебіне қабылдау тәртібіне өзгеріс енгізілді

  • 304
  • UPD: 18:33, 14.08.2020

«Жас ұлан» республикалық әскери мектебіне биыл 150 бала қабылданады. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты құжаттарды өткізу және талапкерлерді іріктеуге бірқатар өзгеріс енгізілген.

Яғни жаңа талап бойынша балаларды қабылдау оқу үлгірімі мен медициналық анықтама негізінде жүргізіледі. Бұрынғыдай үміткерлер келіп, бірнеше сынақтан өтпейді. Арнайы комиссияның жұмысы онлайн үлгіде көрсетіледі. Бұған қоса ата-аналар мен комиссия мүшелері арасындағы жеке карым-қатынасқа қатаң  шектеу қойылған. Барлық байланыс тек бейне- жане аудиожазба арқылы болады. 

Тілеухан Басхожаев, «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы:

- Оқуға түсу барысы қазіргі таңда 2 маңызды әселеге көңіл бөліп ұйымдастырылған. Бірнішісі санитарлық талаптарды қатаң сақтау. Екіншісі оқуға түсу барысында жол бермеу. Біздің мекеме барлық заманауи техникамен жабдықталған. Олар байланыссыз термометрия, дезинфекция тоннелі, керекті дәрі-дәрмек.

Айта кету керек, генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери мектепке түскісі келетіндер саны тым көп. Мәселен, биыл әр орынға 4-5 баладан таласып жатыр. Олардың құжаттары комиссия тыңғылықты қарайды. Ол барынша ашық және жариялы өту үшін құрамына ата-аналар өкілдерін де енгізген. Оқуға қабылдаған балалардың нақты тізімі 20 тамызда жарияланады.

Жазира Сағымбаева, жергілікті тұрғын:

- Осы құжаттары іріктеу барысында және балды анау барысында мен бақылаушы болдым. Оның таза әрі әділ жүіп жатқанына толық сенім білдіре аламын.

Хабар 24 телеарнасы