429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

  • 217
  • UPD: 14:16, 14.08.2020
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

2020 жылдың қаңтар-шілде айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 446,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 997 млрд теңге бағытталды.

2020 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 210 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 65 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 145 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 220 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 1 тамыздағы жағдай бойынша 95 058 теңгені құрады.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

«Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2% артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%, 30 жыл – күнкөріс құнының 94% құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді», - делінген хабарламада.

Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Хабар 24 телеарнасы