422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда журналист Бейсен Құранбектің муралы салынып жатыр

  • 268
  • UPD: 15:14, 14.08.2020
Талдықорғанда журналист Бейсен Құранбектің муралы салынып жатыр

Талдықорғанда танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің муралы салынып жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz

Мурал журналист жұмыс істеген «Жетысу» телеарнасының маңындағы үйдің қабырғасында пайда болады. Портреттің авторы жас суретші – Еркеғали Иманғали.

«Біз үшін Бейсен Құранбек журналист қана емес, ол – ұстаз, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан тұлға. Ол көптеген жас журналисті тәрбиеледі, Қазақстандағы мыңдаған адамның мәселесін шешті. Бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін зор құрмет», - деді суретші.

Айта кетейік, Бейсен Құранбек 2013-2017 жылдары Qazaqstan телеарнасында «Айтуға оңай» бағдарламасын жүргізген, Алматы облысындағы «Жетысу» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

Еске салсақ, 2020 жылдың 18 мамырында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы