423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бір тәулікте есірткіге қатысты бес қылмыс ашылды

  • 200
  • UPD: 16:33, 14.08.2020
Алматы облысында бір тәулікте есірткіге қатысты бес қылмыс ашылды

Алматы облысында бір тәулік ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты бес қылмыс ашылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтаумен, оны пайдаланумен және өткізумен айналысатын адамдарды құрықтауға бағытталған бірқатар жедел шара өткізді.

Атап айтсақ, кеше Талғар ауданында жедел уәкілдер 34 жастағы О. есімді азаматты ұстады. Оның үйінің ауласынан салмағы 300 гр гашиш есірткі заты табылды және тәркіленді. Күдікті азамат бұған дейін де тәртіп сақшыларының назарына іліккен. 2018 жылы ол ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Текелі қаласының тәртіп сақшылары тағы бір нашақорды анықтады. Ер адамның өзімен бірге марихуана алып жүргені анықталды. Күдіктінің айтуынша, есірткінің бірнеше жыл пайдаланғандықтан, өз қажеттілігі үшін сақтайды. Талғар ауданында құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналымына қатысы бар екі дерек анықталды, екі адам қамаққа алынды және қазіргі уақытта іс өндірісте. Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аясында тәртіп сақшылары аймаққа есірткі жеткізу арнасын да, олардың арасында ықтимал есірткі тұтынушыларын анықтау мақсатында айыпталушылардың қарым-қатынас шеңберін де тексеретін болады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы