425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда аз қамтылған отбасы балаларына компьютер үлестірілді

  • 382
  • UPD: 17:26, 14.08.2020
Алматыда аз қамтылған отбасы балаларына компьютер үлестірілді

Алматыда аз қамтылған отбасы балаларына 150 компьютер сыйға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайырымдылық шараға Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері ұйытқы болды. «Дербес құрылғы алдағы онлайн оқу маусымында таптырмас құрал болмақ», – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кеткен жөн, игі іс «Балаларға өмір сыйла» науқаны шеңберінде өтті.

Аружан Саин, Балалар құқығы жөніндегі омбудсмен:

– 15 жылдан астам жұмыс істеп тұр. Өйткені «Балаларға өмір сыйла» деген акциямызда шетелге емдеуге баратын балаларымыз біздің дипломатиялық консулдармен жұмыс істеп келеді. Және біз әрқашан осы көмекке алғыс айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы