423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы кәсіпорындардың 20 проценті жұмысқа кірісуге дайын емес

  • 219
  • UPD: 19:25, 14.08.2020
Алматы облысындағы кәсіпорындардың 20 проценті жұмысқа кірісуге дайын емес

Алдағы аптадан бастап карантиндік шаралар Алматы облысында да жеңілдейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ мұндағы бірқатар кәсіпорын жұмыс істеуге әлі әзір болмай тұр. Елімізде төтенше жағдай мен карантин енгізілгенде аймақта 5154 кәсіпкерлік нысанының жұмысы тоқтатылған. Өңірдегі мониторингтік топтар бүгінге дейін соның 3197-сіне барып тексеру жүргізген. Сөйтсе 17 тамызда жұмысын бастауға 2708-і  ғана дайын екен. Қалғандары тез арада дайындық жұмыстарына кірісуі тиіс. Сосын арнайы ашылған сайтқа өтінім жолдап, жұмысқа кірісуге рұқсат алуы керек. «Өйтпеген жағдайда кәсіпкерлік субъектілері заң бойынша жауапкершілікке тартылады», – дейді мамандар.

Темірлан Разбеков, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

 – Біздің айтайын дегеніміз, 17 тамызға дейін сол дайындық жұмыстары өткізілуі керек. Дайын емес объектілер 17 тамызда ашылмайды. Ашылған жағдайда, оларға айыппұл салынатынын ескертеміз.

Хабар 24 телеарнасы