426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұланды ауданында баспана құрылысы қарқын ала бастады

  • 203
  • UPD: 19:26, 14.08.2020
Бұланды ауданында баспана құрылысы қарқын ала бастады

Ақмола облысының Бұланды ауданында баспана құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудан орталығы Макинск қаласында былтыр бір ғана көпқабатты үй салынса, биыл 4 тұрғын үй ел игілігіне берілмек. Олардың екеуі жақында кезекте тұрғандарға үлестірілетін болса, қалған екеуі күзге қарай тапсырылады. Ал келесі жылы әрқайсысы 60 пәтерлік 5 үй тұрғызу жоспарда бар.

Жалпы, бұл ауданда 90-жылдардан бері тұрғын үй құрылысы тоқтап тұрған еді. Баспана салу бертін ғана жанданды. Себебі ауданда пәтерге деген сұраныс артқан. Қазір 600 адам кезекте тұр. Халықтың қалауын қамтамасыз ету үшін мұнда жер телімдері де берілмек.

Сәкен Сыздықов, Бұланды аудандық құрылыс бөлімінің жетекшісі:

– «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында биыл 200-ден астам жер теліміне инженерлік инфрақұрылым тартылады. Яғни электр жарығы мен су жүйелері жүргізіледі. Бұл қаланың шығаберісінде пайда болатын жаңа мөлтек ауданның іргетасы десек болады. Ал жер телімдері үй салғысы келетін тұрғындарға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы