«СК-Фармация» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Берік Шәріпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұтқындаған. Оған дәрі-дәрмек сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр. Соның салдарынан төтенше жағдай кезінде медициналық препараттар тапшылығы туындады деген күдік бар.