426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар Алматыдағы жекеменшік медициналық орталықтарды аралады

  • 214
  • UPD: 21:11, 14.08.2020

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап, жекеменшік медициналық мекемелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Алматыда жекеменшік клиниканың онкологиялық орталығын аралап көрді. Мұнда коронавируспен ауырған онкологиялық науқастар ем алады. Қазір мұнда қайырымдылық қорларының көмегімен 30-ға жуық науқас тегін емделіп жатқан көрінеді. Қауіпті індет күш алған тұста орталықта қосымша реанимациялық керуеттер қойылып, арнайы операция жасайтын бөлмелер ашылған. Жағдайы ауыр және орта деңгейдегі науқастарға арналған ауа үрлегіш жүйелер енгізілген.

«Қауіпті індеттің екінші толқыны басталып жатса, оған толыққанды дайын болу үшін бізге үкімет тарапынан біраз көмек қажет», – дейді аурухана дәрігерлері. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Келешек толқыны болса, оның нәтижелері оның әсері бұдан ауыр болады деп қорқып жүр. Және соған дайындалуда. Әрине, біз мұндай енді дәрігер айтқаннан кейін біз мұндай жағдайды босқа қалдырмай, тиісті жауапты мемлекеттік органдарға, Денсаулық сақтау министрлігімен, керек болса тікелей премьер-министрге дейін барып, біз осындай жекеменшік медициналық мекемелерге тиісті қолдау көрсетуді сұраймыз. 

Хабар 24 телеарнасы