425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қонақ үй бизнесі мен туризм мектептері ашылуы мүмкін

  • 317
  • UPD: 21:48, 14.08.2020
Елімізде қонақ үй бизнесі мен туризм мектептері ашылуы мүмкін

«Елімізде қонақ үй бизнесі және туризм мектептерін ашу қажет. Бұл – халықаралық тәжірибе».

Отандық туризм саласының өкілдері осындай ұсыныс айтып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». «Қазақстандық туризм неліктен дамымауы тиіс» атты онлайн талқылауға шетелдік сарапшылар да қатысты. Мамандардың айтуынша, туризм индустриясында кадр тапшы болғандықтан, жұмыс күші көбіне сырттан тартылады. Жастардың да қызығушылығы төмен. «Сондықтан оларды мектеп қабырғасынан бастап туризм саласына баулып, кәсіпке үйрету қажет», – дейді сарапшылар.

Айта кетейік, қазір отандық туризм саласының ел экономикасындағы үлесі – 1,9 процент. Көрші Қырғызстанда – 4,4, ал Өзбекстанда 1 процент шамасында.

Тарик Волкан, туризм, мәдениет және спорт саласы бойынша ментор:

– Туризм мектептерінде 9 сыныптан кейін оқыту басталады. Ол 4 курсқа бөлінеді. Алғашқы сатысында ағылшын, қытай, испан немесе басқа да тілдерді үйреткен жөн. Келесі кезеңде туризм саласына қатысты сабақтар оқытылып, кейін қонақ үй бизнесі мен туризм тетіктеріне үйрету басталады. Соңғысында оқушылардың оқығаны тәжірибемен ұштастырылады.

Хабар 24 телеарнасы