432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 46 дәріхана дәрі сату талаптарын бұзған

  • 161
  • UPD: 21:35, 14.08.2020
Елордада 46 дәріхана дәрі сату талаптарын бұзған

Елорданың полиция қызметі құрамында есірткі заты бар дәрілерді сату талабын бұзудың 46 дерегін анықтады.

Ондай медициналық препарат арнайы рецептімен сатылуы тиіс. Алайда провизорлар бұл талапты өрескел бұзған. Елорда бойынша 280 фармацевтикалық сауда нысаны тексерілді. Екі дәріханада дәрілер заңсыз сатылған. Нәтижесінде 44 адамға айыппұл  салынып, 2 қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы