423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі емханалар қалыпты кестеге қайта көшті

  • 234
  • UPD: 10:03, 15.08.2020
Ақтөбедегі емханалар қалыпты кестеге қайта көшті

Ақтөбеде жоспарлы медициналық қызмет көрсету қайта жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде короновирус инфекциясының беті қайтып, науқастардың саны азайып, мамандар енді өзге науқастарды емдеуге көшті.

Аймақта 30-дан астам емхананың барлығы кестеге сай жұмысына кірісті. Пандемия кезінде провизорлық орталық ретінде жарақтандырылған ұйымдар да қайтадан негізгі қызметіне кірісті. Енді әдеттегідей қалыпты жұмыстарын жалғастырады. Бастысы, барлық мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау қажет.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының м.а.:

- Науқастарға жоспарлы түрде учаскелік дәрігердің қарауы немесе бейімді мамандардың қарауы қажет ететін болса, қазіргі кезде кедергісіз поликлиникаға барып, тиісті ем-шараларын қабылдай алады. Стационарлық емдеу мекемелері бойынша бізде қазіргі кезде жоспарлы жұмыстарын жедел жәрдем ауруханасы, университеттің медициналық орталығы, Дәру оңалту орталығы және де темір жол ауруханасы өз жұмыстарын бастап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы