423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дүйсенбіде сауда орталықтары ашылады

  • 291
  • UPD: 10:06, 15.08.2020
Дүйсенбіде сауда орталықтары ашылады

Үкімет комиссиясы 17 тамыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтіні жайында шешім шығарған болатын,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүйсенбіден бастап елдегі сауда орталықтары, жабық базарлар, сұлулық салондары, бассейні жоқ фитнес орталықтар мен моншалар ашылады. Бірақ келушілер саны шектеледі. Яғни, 30%-ке ғана толтыра алады. Жабық мекемелерде 4 шаршы метрге бір адамнан болуы қажет. Дегенмен, мемлекеттік комиссия жұмыс берушілерге қызметкерлердің 80%-і қашықтан жұмыс істеуді жалғастырғаны жөн деген кеңес берді. Ал, кинотеатр, тойхана және тағы басқа ойын-сауық орталықтары жұмысына шектеу қойылады. Карантин толық аяқталғанша отбасылық мерекелер мен еске алу шараларына да тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы