429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия мен Қазақстан 1 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді

  • 214
  • UPD: 15:50, 15.08.2020
Түркия мен Қазақстан 1 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді фото: iStock

1 қыркүйектен бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы жаңғыртылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия елінің Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлының жүма күні хабарлауынша, Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы 1 қыркүйектен бастап жаңартылады.

Еске сала кетсек, 7 тамыз күні Анкарада Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесу өткізіп, онда әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

 

Хабар 24 телеарнасы