427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады

  • 463
  • UPD: 14:34, 15.08.2020
Италияда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады

Италияда коронавирусты жұқтырғандар саны күн санап артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апеннин түбегінде соңғы бір тәулікте дерт тағы 574 адамнан анықталды. Бұл мамыр айының соңынан бергі адамдардың вирусты ең көп жұқтыру дерегі. Осыған байланысты жергілікті билік індетпен күресті қайта күшейтуді қарастырып жатыр.

Еске сала кетейік, биыл коронавирус алғаш таралғанда Италия Еуропадағы індеттің басты ошағы болған. Содан бұл елде қазірге дейін COVID-19-ды жұқтырғандар саны 252 мыңнан асқан. Дерттен 35 мыңнан аса науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы