421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинадан 87 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жеткізілді

  • 296
  • UPD: 16:03, 15.08.2020
Украинадан 87 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жеткізілді

Бүгін Украинадан 87 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирустан емдеуге қолданылатын препараттарды Украинадағы Қазақстан елшілігінің көмегімен KustoHelp қайырымдылық қоры гуманитарлық көмек ретінде жіберіп отыр. Атап айтқанда, левофлоксацин дәрілік препаратының 55 мың қорабы және меропенем дәрісінің 28 мыңнан астам құтысы әкелінді. Антибактериалдық препараттар ауыр халдегі науқастарды емдеуге қолданылады. Қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жасақталған гуманитарлық көмек еліміздегі ауруханаларға таратылмақ. Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауымен бұл іспен «СК Фармация» мекемесі айналысады. Қайырымдылық қор бұған дейін де індетпен күресте қолдау көрсетіп келген. 

Ернұр Айдаркин, KustoHelp қайырымдылық қорының өкілі:

- Бүгінде 900 млн теңге қайырымдылыққа бөлінді. 100 медициналық мекемеге реанимобильдер мен қорғаныш заттары жеткізілді. Сондай-ақ дәрігерлерге, олардың ішінде қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына 49 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы