423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау қаласы көркейіп келеді

  • 320
  • UPD: 21:28, 15.08.2020
Ақтау қаласы көркейіп келеді

Ақтау қаласы жаңарып келеді. Тұрғын үйлердің сырты әрленіп, түрлі түске боялуда. Жаяу жүргіншілер жолы да жаппай жөнделіп жатыр. Теңіз жағалауындағы орындықтар мен түрлі сәулет мүсіндері де сырланады. Кешенді аббаттандыру жұмыстарына қазынадан 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

- Вот здесь осталась паутинка еще с моего детства стоит. Когда эту площадку делали, ее просто перенесли сюда, дети на ней до сих пор еще лазают. Но хотелось бы ее как то покрасить и привести в порядок. 

Ақтау қаласының тұрғыны Яна Ткачева балаларымен ойын алаңына жиі барады. Кішкентай Мирослава мен Арсений әсіресе құммен ойнағанды жақсы көреді. «Алайда мұнда құм да жоқ, әткеншек пен сырғанақ та ескірген, балалар алаңына жөндеу жұмыстары қажет»,-дейді Яна.

Яна Ткаченко, қала тұрғыны: 

- Мен бала күнімнен осы жерде тұрамын. Осы аулада ойнап, өстім. Жақында үйіміздің сыртын бояп, жаңартты. Үйдің қасындағы отырғыштар да сырланып жатыр. Біраз жылдан бері мұндай жаңару болмаған еді. Енді балалардың ойын алаңын жаңартып, жөндеп берсе деген тілегіміз бар.

Биыл Ақтауда 9 балалар алаңы салынды. Барлығы да балалардың асыр салып ойнауына ыңғайлы әрі қауіпсіз жасалған. Тағы тоғызы күрделі жөндеуден өтті. Ал қазір қаланың 6 шағын ауданында спорт алаңдары қондырылып жатыр. Бұл жұмыстарға қазынадан 90 млн теңге жұмсалыпты.

Айбек Ербөлеков, қалалық ТҮКШ бөлімі коммуналдық сектор меңгерушісі:

- 2020 жылы 72 млн теңге қаралып, қала аумағында 6 спорт алаңын жөндеуге қаржы бөлініп, бүгінгі күні жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда соңғы спорт алаңын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біткеннен кейін жұмыстар қабылданатын болады.

Сонымен қатар 8 бірдей шағын аудандағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылды. Бұл жұмыстарға 124 млн теңге жұмсалыпты. Жақын күндері қалада 30-дан астам орындықтар мен жаңа қоқыс жәшіктері орнатылады. Жалпы көк теңіздің жағалауына жайғасқан ақмаржан қала күзге дейін толық жаңарады.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы