427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егілді

  • 267
  • UPD: 08:16, 16.08.2020
Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егілді

Оңтүстік Корея Республикасының Орман қызметінің қолдауымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына биыл тағы 2,5 мың гектар сексеуіл көшеттері егілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Корей ғалымдарының жобасы аймақта 2018 жылдан басталып, бұл мақсатқа 1,7 миллион доллар бөлген. Айтулы орман мелиорациясы жұмыстары үшін Қазалы орман питомнигінде сексеуіл көшеттері өсіріліп, дайындалады. Тұқымбақтың аумағы 32 гектарды құрайды. Жылына 4 миллионнан аса сексеуіл көшеттерін өсіріп шығара алады. Питомник жыл сайын Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 5-7 мың гектар сексеуіл, сарсазан секілді өсімдіктерді егеді. Жалпы теңіздің тартылған табанына галофитті өсімдіктер отырғызу жұмыстары осыдан 40 жыл бұрын басталған. Содан бері 190 мың гектар жер орманға айналды.

Рахымжан Бурабаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Оңтүстік Корея Республикасының Орман қызметінің қолдауымен Қазақстанның биоалуандылығын сақтау қоры арқылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 30 мың гектар жерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, орман мелиорациялық жұмыс жоспары жасалынған. Жұмыс жобасына сәйкес, 2018 жылдың қараша айында 5 мың гектар, 2019 жылдың наурыз айында 5 мың 800 гектар, 2020 жылдың көктем айында 2 мың 500 гектар жерге, жалпы есептегенде барлығы 13 мың 300 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілген.

Хабар 24 телеарнасы