476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістандық полицейлер 500-ге жуық жол ережесін бұзу жайтын анықтады

  • 385
  • UPD: 13:02, 16.08.2020
Түркістандық полицейлер 500-ге жуық жол ережесін бұзу жайтын анықтады polisia.kz

Түркістан қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында 500-ге жуық жол ережесін бұзу жайтын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш күннің ішінде Түркістан қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасында 562 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 480-нен астам жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтады. Тәртіп сақшылары көлікті құжатсыз басқарған төрт мас жүргізуші мен 30-дан астам құжатсыз жүрген тәртіп бұзушыны ұстады. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 108 жүргізуші, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін, әйнектерді күңгірттегені үшін 17 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Жол белгілерімен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін 52 автоәуесқой, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін 10, жүргізушілердің сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 43 және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін 48 адам жауапкершілікке тартылды.

20-дан астам қала тұрғынына қатысты жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан басқа, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «нөлдік төзімділік» желісі бойынша тәртіп сақшылары 30-дан астам ұсақ бұзақылық жайтын, белгіленбеген орындарда 11 сауда жасау жайтын, мас күйінде қоғамдық орында жүрудің алты оқиғасын, сондай-ақ сегіз адамға рұқсат етілмеген жерде темекі шеккені үшін айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы