423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арал ауданында 6500 үй газға қосылды

  • 339
  • UPD: 20:16, 16.08.2020
Арал ауданында 6500 үй газға қосылды

Арал ауданында 6500 тұрғын үй көгілдір отынның игілігін көріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге аудан орталығы мен Жақсықылыш ауылы табиғи газға қосылған. Алдағы уақытта Сексеуіл, Шижаға және Қамбаш елді мекендеріне газ құбырын тарту жоспарда бар. Жалпы теңізді өлкені газдандыру жұмыстары 2015 жылы басталған. Содан бері 300 шақырымдай құбыр тартылып, 30 газ тарату пункті іске қосылды. Мыңнан астам түтіні бар Жақсықылыш ауылына 57 шақырымдай газ құбыры тартылған. Ауданға көгілдір отынның келуі ірі өндіріс орындарымен қатар жыңғыл, сексеуіл ормандарының да қалпына келуіне оң әсер етті. Ең бастысы – отын жағып, күл шығару бейнетінен құтылған ауылдықтардың көп жылғы арманы орындалды.

Шымберген Нағашыбаев, Жақсықылыш ауылының тұрғыны:

- Отын әкелеміз, тамызық әкелеміз деген сияқты өзіндік бейнеті бар тағы. Күлін шығару деген сияқты. Енді бүгінгідей күні Аллаға шүкір, көгілдір газ ауылымызға келіп, көп жеңілдіктер болып жатыр. Тұрмысымыз жақсарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы