426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күршім ауданында көп балалы отбасылардың баспана мәселесі шешіледі

  • 420
  • UPD: 09:46, 17.08.2020
Күршім ауданында көп балалы отбасылардың баспана мәселесі шешіледі

Шығыстағы Күршім ауданындағы көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардың баспана мәселесі толық шешіледі. Ол үшін қазір аудан орталығында екі пәтерлі 10 үйдің құрылысы бітіуге жақын.

Бұл баспаналар аяқталған соң алтын-күміс алқалы және «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға беріледі. Қазір ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 20 отбасы тұр. Оларды үймен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы екі пәтерлі 10 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп, биыл ерте көктемде құрылысы басталды. Оған облыстық бюджеттен 360 миллионға жуық теңге бөлінді. Бүгінге дейін 6 үй салынып болды. Құрылыс жұмыстарын атқаруға жергілікті 25 адам тартылды. Екі пәтерлі бір тұрғын үйдің жалпы көлемі 208 шаршы метрді құрайды.

Жалпы Күршім ауданында тұрғын үй бағдарламасын дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды. Ол үшін түрлі  бюджет көзінен  2 миллиард 411 миллион теңге бөлінбек. Бұл қаражатқа алдағы 3 жылда Күршім ауылында 60 және 36 пәтерлі екі үй салынбақ. 

Советхан Қайыров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Күршім ауданында 1990 жылы күшті жер сілкінісінен кейін үй салынған жоқ. Мінеки көп балалы аналарға арналып, Күршім адуанында  екі пәтерлі  20 үй салынып жатыр. Енді Құдай қаласа, биыл пайдалануға берліуі тиіс. Енді мінеки жақсы істер басталып жатыр. Бассейн, спорт кешені жөнделді. Тағы да көп қабатты үйлер салынбақ. Сондықтан ауданға іске сәт тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы