427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордай ауданының ауылдарында кеңес дәуірінен қалған су құбыры жаңартылып жатыр

  • 489
  • UPD: 10:19, 17.08.2020

Жамбыл облысы Қордай ауданында ауылдарды ауыз сумен қамту бағытында 6 жоба жүзеге асырылып жатыр. Орталықтандырылған су жүйесі мүлдем болмаған екі елдімекеннің проблемасы шешілді. Сондай-ақ Қаракемер мен Кенен тұрғындарының 40 жыл бойы жыр болған мәселесі де бір жақты болды. Бұл ауылдардағы су жүйесі толықтай жаңартылып, шұрық-тесік құбырлары ауыстырылуда.

Қордайдағы Өтеген мен Арал ауылдарында сапалы ауыз су мүлдем болмаған. Жергілікті жұрт тіршілік нәрін ұзақ жылдан бері құдықтан ішіп келеді. Енді бұл проблема артта қалар күн жақын. Қазір халық көптен күткен жобаның іске асырылу барысын өз бақылауында ұстап отыр. 

Айдарбай Битанов, Өтеген ауылының тұрғыны:

- Орталықтандырылған таза суды сұрап отырмын?! Өмірі болған жоқ бұл жерде ондай. Бірінші жолы келіп отыр осы ауылға. 80 метрден аса жерден су шығарып жатыр. Құрылысшылар қазір міне траншеяны қазып, трубаларын салып құдық дейді ғой колодец. Екі көшеге уже пожарный неменелерін орнатты. Одан кейін үйді-үйге қарай есік алдына қарай кіргізіп қойды. 

Нұрбек Қарабаев, Өтеген ауылының тұрғыны:

- Баяғы совет үкіметінен қалған анандай колонка сондайлар болатын. Биыл істеп жатыр бәрін. Қазып жатыр. Бәрін кіргізіп жатыр. Өздеріңіз де көріп отырсыздар ғой міне жұмыс істеп жатыр. Алла бұйыртса, енді биыл қысқа дейін кіре ма деп отырмыз. Қуаныштымыз! Қуанамыз ғой. Су болса, газ болса. 

Қаракемер мен Кенен ауылдарында су жүйесінің 90 проценті тозып кеткен. Салдарынан қордаланған мәселеге айналған. Мұнда қазір жүйе қайта жаңғыртылып, шірімейтін пластик құбырларға ауыстырылып жатыр. Ал Отар мен Батыс елді мекендері кеңейтілмек. Жаңа алқаптарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, су жеткізу бағытында екі жоба жүзеге асырылуда. Жоспар орындалса халыққа қосымша мыңға тарта жер учаскесін үлестіруге  мүмкіндік туады.

Ерлан Орынбаев, Қордай ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір ауыз сумен қамту бойынша ауыл ішілік жұмыстар 70 процентке аяқталды. Скважина қазу жұмыстары жүріп жатыр. Су қоймалары мен сусорғылар орнатылуда. Құрылыс жұмыстарын қараша айына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.   

Жалпы Қордайда 41 елді мекеннің отызында ауыз су бар. Биыл ауданда 6 жоба толық жүзеге асса, жергілікті халық таза сумен 78 процент қамтылады. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы