423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

17 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын қайта бастауға өтінім берді

  • 282
  • UPD: 10:29, 17.08.2020
17 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын қайта бастауға өтінім берді

Бүгіннен бастап бизнес локдауннан шығады, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, автосалондар, балаларға білім беру мекемелерін қоса алғанда бірқатар кәсіпкерлік субъектіге қойылған шектеулер алынып тасталады.

ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысын бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет. Бұл – жұмысты қайта бастаудың міндетті шарты, оны бұзу айыппұлдық санкцияларға әкеп соғады. Бұл платформа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылған. Оның интерфейсі оңай әрі қарапайым, формаларды толтыру небәрі 15 минут уақыт алады.

«17 мыңнан астам кәсіпкер порталға өтінім беріп үлгерді, соның ішінде 9 444 кәсіпкер нысандарын іске қосуға рұқсат алды. Алғашқы өтінім порталдың жұмыс істеу уақытынан бір минут өтпестен Қарағандыдан түсті. Ресурсты Алматы облысы (2761 өтінім) және Алматы қаласының (2 401 өтінім) бизнес-қоғамдастығы анағұрлым белсенді қолдануда. Пайдаланушылардың белсенділігі сағат 13:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта жоғары. Электронды рұқсатты басып шығарып, нысан ішіне іліп қою керек», - делінген хабарламада.

Жұмыс бастауға көмектесетін www.infokazakhstan.kz сайтының функционалы кеңеюде, атап айтқанда айдар тетіктері жақсарды, кәсіпкерлер тізімі жаңартылды, сауда және ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтарды жалға алушылар, сондай-ақ базарлардағы жалға алушылар қосылды.

Хабар 24 телеарнасы