429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталары айналымға шығады

  • 193
  • UPD: 10:53, 17.08.2020
«ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталары айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі 17 тамызда 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңге номиналдарындағы алтыннан және 1, 2, 5 және 10 теңге номиналдарындағы күмістен 2020 жылы соғылған «ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын айналысқа шығарады.

«ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарының дизайнында монеталардағы жазулар мемлекеттік тілде өзгертіліп, мүсіндік бейнелер жақсартылды.

Инвестициялық монеталар – 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтын және күміс монеталар. Олардың негізгі мақсаты – қаражатты инвестициялау және жинақтау.

Бүгінгі таңда инвестициялық монеталардың бірнеше ірі брендтері бар – «Крюгерранд» (Оңтүстік Африка), «Америкалық бүркіт» (АҚШ), «Вена филармониясы» (Австрия), «Панда» (Қытай), «Үйеңкі жапырағы» (Канада).

Қазақстанның алғашқы инвестициялық «ЖІБЕК ЖОЛЫ» монеталары 1996 жылы айналысқа шығарылды. 2009 жылдан бастап дизайнының өзгеруіне байланысты түрлі салмақ сипаттамалары бар «АЛТЫН БАРЫС» және «КҮМІС БАРЫС» инвестициялық монеталары шығарыла бастады.

Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері:

- шектелмеген таралымдар;

- «proof» технологиясы қолданылмастан дайындалады;

- монета жасалған металдың құны мен салмағына байланысты кіріс алу;

- Ұлттық банк Сату және сатып алу ережелеріне сәйкес сатып алу монетадағы металдың салмағы бойынша есептелетіндіктен жағдайына (сызаттар, патина және т.б.) қарамастан кері сатып алуға қабылдайды;

- қосылған құнына салық салынбайды.

Алтын мен күмістен жасалған барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Оларды Қазақстан Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы