423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан маңындағы елді мекендерге автобус қатынай бастады

  • 171
  • UPD: 14:53, 17.08.2020

Сондай-ақ бүгіннен бастап елордада қала іргесіндегі ауылдарға қатынайтын автобустар қайта жүре бастады. Қоғамдық көліктер таңғы сағат 6-дан кешкі 10-ға дейін қатынайды. Бұл туралы СTS көлік компаниясы хабарлады. Шаһар маңындағы елді-мекендерге баратын автобустарда да қалалық маршруттар сияқты барлық санитарлық талап сақталады. Жол ақысы картамен төленеді. 

БЛИЦ:

- Мен «Лесная полянада» тұрамын. Бүгінгі автобустардың жүргеніне қуанып жатырмыз. Күнде таксимен қатынайтын едік. Азанда көргенде қуандық. Бірақ тәртіппен жүрсе болды. Көбісі маска кимей жатыр, сол қынжылтады. 

- Бәрі маска кимейді, кигеннің өзінде мұрындары ашық. Адам көп. 50 процент толсын деді, бірақ автобус лық толып жүреді. Әсіресе Қосшыға баратын автобус лық толып жүреді.

- Мен бүгін Тайтөбеден келдім Азия паркке дейін. Уақытымен келді. Бес минут күттік. Жақсы болды. 303,302,320-да жүріп жатыр уақытымен. Барлығы жақсы болды автобустың шыққаны.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Хабар 24 телеарнасы