425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да санитарлық талаптардың сақталуы бақыланады

  • 236
  • UPD: 17:42, 17.08.2020
СҚО-да санитарлық талаптардың сақталуы бақыланады

Солтүстік Қазақстан облысында ойын-сауық кешендері, сауда үйлері, сән салондары, қоғамдық тамақтану орындары, жаттығу залдары, моншалар мен аттракциондар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ оларға қатаң санитарлық талаптар қойылған. Тұрғындар маска тағу, қол жуу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау секілді сақтық шараларын бұлжытпай орындауы шарт. Әр нысанның кіреберісінде адамдардың дене қызуы тексереледі. Демалыс орны кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Аттракциондар әр айналым сайын зарарсыздандырылады.

Әсет Жұматаев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

– Демалыс күндері локдаун сақталады. Сенбі, жексенбі күндері бұл объектілер өз қызметтерін тоқтатады. Тек қоғамдық тамақтану объектілері тұтынушыларға алдын ала тапсырыс бойынша үйіне жеткізіп бере алады.

Хабар 24 телеарнасы