423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақфильмде» өртке байланысты ішкі тексеріс басталды

  • 282
  • UPD: 17:42, 17.08.2020
«Қазақфильмде» өртке байланысты ішкі тексеріс басталды

«Қазақфильм» киностудиясында өртке байланысты ішкі тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Қазақфильм» киностудиясының аумағында болған өртке байланысты Алматы қаласының Ішкі істер депортаменті қылмыстық іс қозғады. Қала билігі, Мәдениет және спорт министрлігі бұл істі ерекше бақылауда ұстайды. Әрине, «Қазақфильмде» ішкі тергеу де жүргізіп жатырмыз. Тергеу мүддесі үшін мен әлі түсініктеме беруден бас тартуға мәжбүрмін», - деді Ақан Сатаев.

«Бұл деректі Бостандық ауданының полиция басқармасы қарап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша өрттің нақты себебі белгілі болады. Кейін ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, 14 тамызда Алматыдағы «Қазақфильм» студиясында ірі өрт болды. Тілсіз жауды жоюға 53 өрт сөндіруші мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы