422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда локдаун қайта енгізіле ме

  • 367
  • UPD: 21:41, 17.08.2020

Бүгін жер-жерде әлеуметтік нысандар ашылып, қызметіне кірісті. Елдің де қабағы ашыла бастады.

Сөйтіп карантин талаптары жеңілдеді. Оған себеп те бар. Елордада коронавирустан қауіптеніп, жедел жәрдем шақыратындар қатары 80 процентке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24». Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны да 7 есе төмендеді. Елдің өзге аймақтарында да жұртшылық қалыпты тірлігіне кірісе бастады.

Елімізде коронавирустың таралуы күннен-күнге төмендеп келеді. Сәйкесінше медициналық мекемелердің жүктемесі азайып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың айтуынша, өткен айда провизорлық емдеу орындары мен стационарлардағы жүктеме 57% болды. Ал қазір ауруханалардың жүктемесі 29%-ке дейін төмендеген.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

– Індет басталғалы бері дәрігерлер күні-түні жұмыс істеуде. Президенттің тапсырмасы бойынша, бір реттік төлем және жалақыларына қосымша үстемеақы төленуде. Шілде айында жалпы 25 млрд-қа жуық үстемеақы жасалынды. Мұндай қолдауға 78 364 маман ие болды. 17 тамыздағы мәлімет бойынша, жұмыс барысында вирус жұқтырған 598  қызметкерлерге 2 млн теңгеден өтемақы төленді.

Сондай-ақ ел аумағында ауру өршіген кезде медициналық мекемелер тек коронавируспен күресіп, өзге ем-домды тоқтатқан еді. Кейін жағдай тұрақталғандықтан, 1 тамыздан бастап жоспарлы қабылдаулар қайта жүргізіле бастады.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

– Бірінші кезекте республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалық түрлі аурумен келген науқастар жатқызылады. Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры арқылы халыққа тегін қызмет көрсететін 626 медициналық мекеме бар. Әр облыстағы көрсеткіш. Мысалы, Алматы қаласында – 67, Алматы облысында – 50, ШҚО-да 54 медицицналық мекеме жоспарлы қабылдауға көшті.

Қазір елімізде коронавирус жұқтырған 18 841 адам ем қабылдап жатыр. 509 науқастың жағдайы нашар. Мамандардың сөзіне қарағанда, дертке шалдыққандардың саны өсетін болса, локдаун да, карантин де қайтадан енгізілуі әбден мүмкін. Сондықтан сақтық шараларына аса мән берген жөн. 

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы