420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде арнайы есепте тұрған науқастарға жүргізуші куәлігі берілген

  • 173
  • UPD: 21:57, 17.08.2020
Ақтөбеде арнайы есепте тұрған науқастарға жүргізуші куәлігі берілген

Ақыл-есінде ауытқуы бар азаматтарға жүргізуші куәлігі берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбедегі психикалық денсаулық орталығында арнайы есепте тұрған 320 адам тиісті емтихан тапсырып, жүргізуші атаныпты. Мұны прокурорлар анықтады. Тіпті 5 науқастың диагнозы – параноидтық шизофрения. Енді олардың жүргізушілік құжатқа қалай қол жеткізгенін арнайы комиссия анықтайды.

Есет Әзімов, Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры:

– Дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы сотқа талап-арыздар енгізілді. Бұзушылықтарды жою, оның ішінде уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыру үшін қадағалау актілері енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы