424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді

  • 131
  • UPD: 09:52, 18.08.2020
Ақтөбе облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді

Ақтөбе облысында қатаң шектеу және карантиндік шаралар жеңілдетіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннің өзінде бірқатар кәсіпкерлік нысан жұмысына қайта кірісті. Атап айтқанда, енді сауда үйлері, сұлулық салондары, шаштараздар мен балабақшалардағы кезекші топтар қызметін жалғастырады. Бірақ санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң сақтауы тиіс. Фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтары да қызмет көрсетеді. Ұлттық құрама, клуб мүшелерінің де спортпен шұғылдануына рұқсат. Алайда, топ болып жаттығуға рұқсат жоқ. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ісін қайта бастаған нысандар тек жұмыс күндері ғана қызмет етеді. Ал, көпшілікке арналған отбасылық және өзге де шараларды өткізуге салынған тыйым өз күшінде қалды.

Гүлбану Дәулетова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Азық-түлік және азық-түлік емес сататын базарлар жұмыс жасайды егер олар Infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы электронды форматта анықтама алған жағдайда олар жұмыс жасай алады. Супермаркет, гипермаркеттер таңертеңгі 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жасайды. қоғамдық тамақтану орындары 30 орынға дейінгі адам қабылдай алады.

Хабар 24 телеарнасы