424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында әскерилер шеберлігін шыңдап жатыр

  • 159
  • UPD: 09:35, 18.08.2020
Алматы облысында әскерилер шеберлігін шыңдап жатыр

Алматы облысында әскерилер жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша өз шеберліктерін шыңдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қапшағай гарнизонына жиналған қауіпті мамандық иелері алдымен теориялық білімін арттыруда. Тактикалық дайындықтарын жетілдіріп, жоба жоспарларын пысықтайды. Одан кейін іс жүзінде миналарды іздейтін құрылғылардың жұмысымен етене жақын танысады. Яғни, ракеталарға арналған артеллериялық жойғыш бомбаларды табу, қоршау, оларды жою жұмыстарын жүргізеді. Бір апталық тәжірбиелік жиын мейлінше шынайы жағдайда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы