426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы шалғай ауылға алғаш рет кернеуі жоғары тоқ тартылды

  • 206
  • UPD: 09:34, 18.08.2020
Маңғыстау облысындағы шалғай ауылға алғаш рет кернеуі жоғары тоқ тартылды

Маңғыстау облысындағы Төлеп ауылына алғаш рет кернеуі жоғары ток барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнеу ауданына қарасты елді мекен халқы мал ұстап, төрт түлік санын көбейтіп отыр. Тәуелсіздік жылдары бұл селоға электр қуаты теміржол бағаналары арқылы беріліп келген еді. Биыл мәселе түбегейлі шешілді. Аудан орталығы Бейнеу ауылынан Төлепке дейін кернеуі 10 киловаттық энергия желісі тартылды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалып отыр. Іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған ауылда бір мыңнан астам адам тұрады. Қазір мұнда 17 жеке шаруа қожалығы бар.

Сисенбек Қалдығараев, Бейнеу аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Төлеп ауылы аудан орталығынан 80 шақырым қашықта орналасқан. Жоспар бойынша 2019 жылы бағаналар қою басталды. 2020 жылы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Қазір халық игілігіне пайдаланып отыр. Ол жерде қазір тоқтың айналасында ешқандай мәселе жоқ, толықтай шешілген. Төлеп ауылымен қоса, Есет елді мекеніне де тоқ тартылды. Ол да пайдалануға берілді.

Хабар 24 телеарнасы