420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есірткі заты бар өсімдіктерді қыш құмыраларға еккен шымкенттік ұсталды

  • 178
  • UPD: 09:40, 18.08.2020
Есірткі заты бар өсімдіктерді қыш құмыраларға еккен шымкенттік ұсталды

Шымкентте есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қыш құмыраларда заңсыз егіп, өсірген 43 жастағы мүгедектігі бар жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

3 тамыз күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық шарасы аясында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде өз үйінің жертөлесінде гидропоника әдісімен, яғни жасанды ортада құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қыш құмыраларда заңсыз егіп өсіріп жатқан 43 жастағы мүгедектігі бар жергілікті тұрғын құрықталды.

Куәгерлердің қатысуымен аталған азаматтың үйінен айғақты зат ретінде 19 дана есірткі затына ұқсас өсімдік тәркіленіп алынды.

Хабар 24 телеарнасы