420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ӘМСҚ сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе беруді ұсынады

  • 145
  • UPD: 11:11, 18.08.2020
ӘМСҚ сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе беруді ұсынады Qazaqstan.tv

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінен жеңілдетілген санаттағы азаматтардың «түсіп қалу» жағдайлары туралы түсінік берді.

15 жеңілдік категориясының өкілдері үшін, яғни 11 млн-ға жуық қазақстандық үшін мемлекет жарнаны төлейді, Медициналық сақтандыру қоры өз емханасына немесе өз бетінше Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы бойынша жүгіну арқылы уақытша мәртебе беру алгоритмін (бір айға) әзірледі.

Осылайша халықтың жеңілдікті санаты өкілдерінің сақтандыру мәртебесімен туындайтын мәселелер жедел мерзімде шешіледі, пациент медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

Пациент медициналық ұйымға жүгінген кезде оның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлейді (суретке түсіреді) және оны «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді. Қор пациентке 1 айға мәртебе береді, оған тиісті хабарлама жіберіледі.

Жеңілдікті санаттағы дәл осындай өкіл мұны App Store және Play Market-те «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы өз бетінше жасай алады. Жеңілдікті санатқа қатыстылығы туралы растайтын құжатты жүктеп алып, ӘМСҚ-ға жіберу қажет. Қор өтініш берушіге 1 айға мәртебе береді және тиісті хабарлама жібереді.

Қор мәртебені ресми қызметтер арқылы – ӘМСҚ сайтында fms.kz, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасында, Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы тексеру қажет екенін атап өтті. Барлық жүйелер дұрыс және айқын жұмыс істейді.

Айына екі рет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеңілдетілген санаттар бойынша жаңартылған деректер базасын ұсынады. Тұрақты сақтандыру мәртебесін растау үшін Мемлекеттік корпорацияға 1414 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Сондай-ақ төлемдердің болуы немесе болмауы, жүзеге асырылған қайтарулар туралы ақпаратты https://egov.kz/ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Ол үшін «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс беріледі.

Хабар 24 телеарнасы