426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 19 тонна этил спиртін заңсыз тасымалдаған автокөлік ұсталды

  • 118
  • UPD: 11:23, 18.08.2020
Жамбыл облысында 19 тонна этил спиртін заңсыз тасымалдаған автокөлік ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қордай ауданында орналасқан «Қарасу» шекаралық бекетінен шығар жолда шанағында 19 тонна этил спирті бар бөшкелер табылған жүк көлігін ұстады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Ұсынылған тауарға арналған ілеспе құжаттарға сәйкес аталған автомашинада Кырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына көлемі 20 000 литр «Антисептик» тасымалдануы тиіс еді. Сарапшы-криминалисттің сараптама қорытындысына сәйкес келтірілген шығын сомасы 40 109 000 теңгені құрайды.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының қаулысыменр автокөлік жүргізушісі ӘҚБтК 283-бабының 5-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды және этил спирті тәркіленіп, мемлекеттік кіріске айналдырылды.

«2020 жылғы 17 тамызда Департамент қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, тәркіленген жалпы көлемі 19 000 литр этил спиртін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырды.

Құрметті азаматтар! Егер сіз қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарға тап болсаңыз немесе осындай фактілер  мәлім болған жағдайда комитеттің  8 (7172) 70-84-78, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу депаратаментінің 8 (7262) 34-75-38, 8 (7262) 34-76-26 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы