429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары дүниеден озды

  • 271
  • UPD: 11:39, 18.08.2020
Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары дүниеден озды

Қазақстан Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов өмірден озды.

«ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Әскери кеңесі және ардагерлер кеңесі ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Құсайынұлы Сатовтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады және оның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мұхаметқали Сатов 1961 жылы 29 маусымда Қарағандыда дүниеге келген.

Хабар 24 телеарнасы