420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар балықты аз тұтынады

  • 155
  • UPD: 11:51, 18.08.2020
Қазақстандықтар балықты аз тұтынады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адам жылына 16 келі балық өнімдерін тұтынуы тиіс деген кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Алайда, біздің елде бұл көрсеткіш 4 келіден аспайды», - деді Үкімет отырысында экология министрі Мағзұм Мырзағалиев. Мысалы, көршілес Қытай мен Ресей тұрғындары жылына 40 келіге дейін балық жейді. Есесіне, Қазақстан жыл сайын 36 мемлекетке 30 мың тонна балықты экспортқа шығарады. Сырттан 43 мың тонна мұхит балығы мен теңіз өнімдері әкелінеді. Елде 180 шаруашылық жасанды тоғанда балық өсірумен айналысады. Соңғы жеті жылда балық көлемі 9 есеге дейін өсіп, жылдық өнім көлемі 8 мың тоннаға жуықтаған. Бірақ бұл да аз көрінеді. Балық тұтыну нормасын орындау үшін жылына 300 мың тонна өндіру керек. Министрдің айтуынша, салаға қатысты заңнамаларды өзгерту қажет және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру маңызды. Үкімет басшысы Асқар Мамин барлық өңірде балық өндірісін дамыту бойынша тапсырма берді. 

Хабар 24 телеарнасы