420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңындағы бағыттарда автобус жетіспейді

  • 162
  • UPD: 14:00, 18.08.2020

Елорда маңындағы елді мекендерге автобустар қайта қатынай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс күнгі кесте бойынша 22 қала маңы бағыты іске қосылды. Біздің арнамыздың түсірілім тобы елдорда іргесіндегі ауылдардың біріне барып, қоғамдық көлік қозғалысын бақылап қайтты.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Бұл – Қосшы аулының маңындағы Лесная поляна елді мекеніндегі аялдама. Жолаушылардың көптігі сондай, автобус уақытымен келсе де, адамдардың жартысы көлікке сыймай, келесісін күтуге мәжбүр.

Блиц:

- Жолаушылар саны өте көп. Карантин болмағанның өзінде де кісілер қаптап тұрады. Мына үйлер салынып жатыр, сондықтан автобустар санын көбейтсе жақсы болар еді.

Жұмыс істейтіндерге қиын. Ертең балалар оқуға шықса тіптен қиын болады. Сондықтан 301 жүрсе екен деп сұраймыз.

Өте жаман автобусты қалада жүргізгенде өте жаман. Бізде мұнда қаншама кісі тұрады. Аялдама емес, такси тұратын жерде тұрады. Балалармен өте қиын, адамдар жұмысқа кешігіп жатады.

Ал, CTS көлік компаниясы қала маңындағы бағыттар бірте-бірте жанданады деп сендірді. Автобустардың жүруі жолаушылар санына байланысты болмақ. Қоғамдық көлік кестесі жолаушылар ағынына қарай өзгертіліп отырады.

Оксана Лоскутова, CTS көлік компаниясының баспасөз хатшысы:

- Өткен апталардағы сараптама бойынша тоғыз бағытқа қосымша автобус шығарылды. Ертең тағы 14 бағытқа бірнеше автобус қосылады. Бұл арақашықтықтың да қысқартылуын білдіреді.

Санитарлық талаптар барлығына бірдей. Бұл бетперде тағып, антисептік қолдану. Талаптардың сақталуын көліктік бақылау қызметі бақылайды. Тәртіпке бағынбаған жолаушыларға айыппұл салу құқығы жоқ. Сондықтан тексерушілер ондай жолаушыларды автобустан түсірумен айналысады.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы