424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте үйінде есірткі егумен айналысқан азамат анықталды

  • 189
  • UPD: 13:30, 18.08.2020
Шымкентте үйінде есірткі егумен айналысқан азамат анықталды

Шымкентте өз үйінің жертөлесінде гидропоника әдісімен, есірткі заттарды егіп жатқан 43 жастағы мүгедектігі бар жергілікті тұрғын анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үйінен 19 дана есірткі затына ұқсас өсімдіктер тәркіленді. Жүргізілген сараптама нәтижесінде қарасора екені белгілі болды. Күдіктіні «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шымкент қаласының Полиция департаменті әшкерелейді. Көрсетілген азаматқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы