426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақфильмдегі» өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 201
  • UPD: 14:14, 18.08.2020
«Қазақфильмдегі» өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды фото: baribar.kz

49 миллион теңге. «Қазақфильм» киностудиясында болған өрттен осынша шығын келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған оқиғаға байланысты Алматы қалалық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар бұл төтенше жағдай Алматы қаласы әкімі, Ішкі істер министрі және мәдениетке жауапты министрдің ерекше бақылауында екендігі хабарланды. Ал, киностудия әкімшілігі ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай, ең алдымен өрт орман қоймасының ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін «Қазақ хандығы» тарихи фильмі үшін жасалған «Шайбан шахтың ішкі ауласынан» өрт шыққан. Бұл ағаш құрылым алғашқы ошақтан 300 метр қашықтықта тұрды. «От шыққан қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен оған электр тоғының тартылмауы өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығарады», - деп жазылған киностудияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, «Қазақфильм» ғимараты 14 тамызда өртке оранды

Хабар 24 телеарнасы