426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экология министрлігі: Стихиялық қоқыстарға қатысты 706 шағым түсті

  • 173
  • UPD: 14:18, 18.08.2020
Экология министрлігі: Стихиялық қоқыстарға қатысты 706 шағым түсті АиФ

Стихиялық қоқыс туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (104), Шығыс Қазақстан (82) және Қарағанды облыстарынан (76), сондай-ақ Алматы қаласынан (78) келіп түсті.

Ақмола (63), Қостанай (57) мен Ақтөбе облысы (57) азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша көшбасшылар қатарына кірді.

706 шағымның 530-ы стихиялық үйінділерге, 176-ы толып кеткен контейнерлерге қатысты.

Бір апта ішінде әкімдікпен бірге полигондардың жартысынан көбі немесе 419 үйінді жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жалпы, Экология министрлігі тұрғындар тарапынан шағымдар артқанын байқауда. Бұл азаматтық позицияның өскенін білдіреді. Оның үстіне жедел желі жұмысының тиімділігі кейінгі екі аптада айқын байқалады.

Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады.

Еске салсақ, Экология министрлігінің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Ватсаптағы осы нөмір арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық коқыс туралы ақпаратты, оны растайтын фотосурет пен бейнетүсірілімді жібере алады.

Ақпарат көзі: ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы