420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Біз біргеміз» акциясының аясында мұқтаж отбасыларға планшеттер таратылды

  • 207
  • UPD: 14:20, 18.08.2020
«Біз біргеміз» акциясының аясында мұқтаж отбасыларға планшеттер таратылды

Жаңа оқу жылы онлайн форматта басталатындықтан, барлық ата-ана алдында балаларын қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі тұр.

Оны шешу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қомақты қаражат бөлініп жатыр. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылды округінің тұрғындары да, мектепке дайындықпен әлек. Мұндағы көп отбасында онлайн білім алу үшін қажетті құрал-жабдық тапшы. Осы орайда елді мекен белсенділері «Nur Otan» партиясының мүшесі Бекет Әбішевтің көмегіне жүгінуді жөн көрді. Ол «Біз біргеміз» акциясының аясында жалпы сомасы 500 мың теңгеге планшеттер сатып алып, мұқтаж отбасыларға таратты. Сондай-ақ, кәсіпкер округқа интернет желісін өткізіп, тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар меценат жергілікті ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 500 миллион теңге қаражат бөлді.

Хабар 24 телеарнасы