426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрманғазы ауданында алты әлеуметтік жоба қолға алынды

  • 163
  • UPD: 17:50, 18.08.2020

Атырау облысында тұрғындар қалыпты тірліктеріне көше бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің алдында тұрған басты міндет – мұнай-газ өнеркәсібі жобаларынан босаған азаматтарға жұмыс тауып беру. Осы мақсатта Құрманғазы ауданында 6 әлеуметтік жоба қолға алынған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 300 адам жол құрылысына тартылыпты. Одан өзге, биыл алыс ауылдарда балабақша құрылысы, ауылішілік жолдар, ауыз су құбыры секілді жобалардан 200-ге тарта адам жұмыс тапты.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- 5 мыңнан астам отбасы тұратын Ақкөл ауылының бүлдіршіндері биыл жаңа балабақшаға барады. 300 орындық балабақшада асхана, гимнастика залы және мектеп алды даярлық сыныптары бар. Бұған дейін ақкөлдіктер балабақшаның жоқтығынан балаларын көрші ауылға тасымалдайтын. Енді 1 қыркүйектен бастап әсем ғимарат бүлдіршіндерді күтеді.

Эдуард Азатов, Құрманғазы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Осы округтің өзіне де 300 орындық мектеп салу жоспарланған. шалғай елді мекендерде, Балқұдықта мектеп жанынан 100 орындық асхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Сүйіндік ауылдық округінде жатақхана күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай жобалар бар ауданда. Құрманғазы ауылдық округінде де орталық үлкен стадионын қайта жарақтандыру басталады.

Аудандағы еңбекке жарамды азматтарды жұмысқа тарту мақсатында «Жол картасы» жасалған. Әлеуметтік жобалар арқылы 200 ден астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Соның ішінде Үштаған – Асан – Сүйіндік су құбыры, Құрманғазы – Азғыр күре жолының құрылысы да бар.

Қайрат Нұртаев, Құрманғазы ауданының әкімі:

- 5-6 жобаны жүзеге асырамыз деген жоспарымыз бар. онан өзге «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. сол бағдарлама негізінде грант беріледі. Биылғы жылға біздің аудан бойынша 80 адамға грант беруіміз керек.  Қазіргі таңда 40 адам алды. Енді 40 ын осы тамыз айында яғни біз қыркүйек қазан айларына дейін біз мұны 100% орындаймыз.

Құрманғазы ауданы бірыңғай ауылшаруашылықты аудан болғандықтан, мұнай-газ жобаларынан босаған жұмыссыздар аз. Тұрғылықты халық өз кәсібінен нәісіптерін тауып келеді. Енді еліміз бойынша карантин жүйесі жеңілдетілгелі шағын және орта бизнес өкілдері қалыпты тірліктерін жалғастыруға мүмкіндік алды.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы