420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда кеме апатынан он адам мерт болды

  • 113
  • UPD: 14:52, 18.08.2020
Пәкістанда кеме апатынан он адам мерт болды

Пәкістанның оңтүстігіндегі Синд провинциясында кеме апатынан 10 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға ел астанасы Карачи қаласынан 135 шақырым жердегі Кинджхар өзенінде болған. Болжам бойынша апатқа қатты жел мен борттағы адам саны себеп болуы мүмкін. Құтқарушылар 10 әйел адамның денесін судан алып шыққан. Қаза тапқандар Карачи қаласына жеткізілді. Кемеде болған 13 адамның үшеуі өлім аузынан аман қалды. Белгілі болғандай, олардың барлығы бір отбасының мүшелері екен. Құтқару-іздестіру жұмыстарына Пәкістанның әскери теңіз флоты мен әскери дәрігерлер жұмылдырылды. Ал, оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы