420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 19 тонна этил спирті тәркіленді

  • 175
  • UPD: 15:09, 18.08.2020
Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 19 тонна этил спирті тәркіленді

Қазақ-қырғыз шекарасында спирт саудасымен айналысқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол заңсыз өнімді біздің ел арқылы Ресейге алып өтпек болған. Бірақ мамандар күдіктіні «Қарасу» шекара бекетінде ұстады. Тәркілеу кезінде жүк көлігінен 19 тонна этил спирті табылды. Құжат бойынша әлгі адамның антисептик тасымалдаумен айналысатыны көрсетілген. Бірақ тексеріс кезінде көліктен санитайзер емес, спирт табылды. Тәркіленген өнім құны 40 млн теңгеден асады. Заңсыз іспен айналысқан адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы