431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандықтар біртіндеп қалыпты тіршілікке оралып жатыр

  • 228
  • UPD: 15:21, 18.08.2020
Түркістандықтар біртіндеп қалыпты тіршілікке оралып жатыр

Карантин режимі жеңілдеп, Түркістан облысында енді жабық азық-түлік және ашық базарлар дүйсенбі-жұма күндері күндізгі сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, сенбі-жексенбі күндері жабылады. Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары мен косметологиялық қызмет көрсететін нысандарға алдын ала жазылу арқылы тек жұмыс күндері кешкі сағат 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ балабақшалардың кезекші топтары да 15 адамнан аспайтын тәртіппен жұмыс істейді. Ал, ашық аспан астындағы аттракциондарға арақашықтықты сақтай отырып, маскалық режимде кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Бұдан бөлек, фитнес-орталықтар кешкі 17:00-ге дейін, ал моншалар мен сауналар сыйымдылығы 50%-тен аспайтын тәртіппен жұмыс істейді.

Алдарқұл Ахметов, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшының орынбасары:

- Егер карантин режимін бұзған жеке тұлғалар болатын болса, 30 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Кәсіпкерлік нысандар, заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар осы карантин режимін бұзған жағжайда оларға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл шектеулер қаулығы сәйкес, эпидемахуал тұрақталғанға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы