420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық кәсіпкерлер жұмыстарына қайта кірісіп жатыр

  • 188
  • UPD: 15:33, 18.08.2020
Ақтаулық кәсіпкерлер жұмыстарына қайта кірісіп жатыр

Олар алдымен InfoKazakhstan.kz сайтына өтініш беріп, санитарлық нормаларға сәйкестігін растап, электронды форматта рұқсат алуы тиіс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін түске дейін 3 мыңдай кәсіпкерден өтініш түсіп, оның 70%-іне рұқсат беріліпті. Бизнес түрлерінің 90%-і, яғни, шағын кәсіпкерлік нысан иелері, осылайша, мобильді топтың арнайы барып тексеруінсіз-ақ жұмысын бастап кетті. Ал, ірі сауда орындары мен базарлар карантиннен кейін жұмыс істеуге дайындығы тексерілген соң ғана ашылады. Шамрад Телеубаевтың иелігінде 5 мейрамхана мен сұлулық салоны бар. Карантин кезінде ұзақ уақыт бизнесі тоқтап қалған ол біршама шығынға батқанын айтады.

Шамрад Телеубаев, кәсіпкер:

- Бүгінгі күнді қалай күткенімді білсеңіздер ғой. Қатты қуанып жатырмыз. Ақырындап клиенттер келе бастады. Біраз жұмысшыларым карантин уақытында басқа жұмысқа кетіп қалды. Біраз қиыншылық көрдік. Карантин кезінде кәсіптің бағытын өзгертіп, тұтынушыға жеткізу қызметімен жұмыс істеуімізге тура келді. Амалдап, бұл қиындықты да еңсердік. Енді санитарлық талаптарды сақтай отыра, жұмысты бастап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы