428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында такси жүргізушісін ұрып кетті

  • 299
  • UPD: 15:43, 18.08.2020
Түркістан облысында такси жүргізушісін ұрып кетті

Түркістан облысының полицейлері такси жүргізушісін ұрып-соққан күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не аудандық ауруханадан Келес тұрғыны дене жарақатымен көрінгені туралы хабарлама келіп түскен. Ақпарат алсымен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің анықтауынша, жәбірленуші «Ауди» маркалы көлігімен ауыл арасында такси қызметін атқарып жүргенде бейтаныс адам отырған. Алайда көліктен түсерінде күдікті жүргізушіні себепсіз ұрып-соғып, қашып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жетісай аудандық полицейлерінен осы іске байланысты арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, тәртіп сақшылары екі күн бойы бұзақылық жасаған жігітті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Соңында жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жігіт өзінің бұзақылық әрекетін толығымен мойындады.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы